“Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1” ЖШС-де Еңбек күніне арналған іс-шара өтті

Еңбек күні қарсаңында бастауыш кәсіподақ ұйымы “Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1” ЖШС басшылығымен әлеуметтік әріптестікте кәсіпорынның 30 жасқа толмаған жас жұмыскерлерінің станция басшылығымен, кәсіподақ комитетімен және «Nur Otan» партиясының бастауыш партия ұйымымен кездесуін ұйымдастырды.

Еңбек күні қоғамда Еңбек адамының беделін арттыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрлерін қайта жаңғыртуға және жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға бағытталған.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Т.Чигвинцева Еңбек күні мерекесінің тарихы, станцияның қалыптасу және даму тарихы, еңбек әулеттері және станция ардагерлері туралы айтып берді.

Цехтар мен басқармалардың бастықтары станциядағы өздерінің еңбек жолдары, жұмысшы мамандықтарынан бастап бөлімше басшыларына дейінгі өздерінің кәсіби жетістіктерінің тарихы, еңбек әулеттеріне жататындығы туралы айтып берді.

Жас қызметкерлер станцияда кәсіби өсу перспективаларына, жастарға берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктерге қызығушылық танытты, бұл туралы Т.Чигвинцева кәсіпорында қабылданған ұжымдық шартты басшылыққа ала отырып, егжей-тегжейлі жауап берді.