Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өндірістік жарақаттанудың алдын алудың бірыңғай күнін өткізеді

2021 жылғы 28 қыркүйекте Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бастамасы бойынша “Павлодар облысының еңбек басқармасы” ММ қолдауымен облыста еңбек қауіпсіздігін сақтау және еңбекті қорғау мәселелеріне қызметкерлер мен жұмыс берушілердің назарын аудару мақсатында өндірістік жарақаттанудың алдын алудың бірыңғай күні болып жарияланды.

Әрбір азаматтың қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларына құқығы заңмен кепілдендірілген. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жабдықталған жұмыс орнына, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге, жұмыс беруші қызметкерді жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етпеген жағдайда және оның денсаулығына немесе өміріне қатер төндіретін ахуал туындаған кезде жұмысты орындаудан бас тартуға құқығы бар.

Өндірістік жарақаттанудың алдын алудың бірыңғай күні өңірдің кәсіподақ қызметкерлері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің өкілдерімен, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлармен бірлесіп, еңбек ұжымдарында өндірістік жарақаттанудың алдын алу туралы сөз сөйлейді.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бұзу фактілері бойынша шағымдар үшін тәулік бойы 87088614656 жедел желісі жұмыс істейді.

Меншік нысанына және кәсіподаққа мүшелігіне қарамастан Павлодар облысының барлық кәсіпорындарын өндірістік жарақаттанудың алдын алудың бірыңғай күніне қосылуға шақырамыз.