ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының Атом саласы қызметкерлерінің күнімен құттықтауы

Құрметті атом саласының қызметкерлері!

ҚР Кәсіподақтар федерациясы және жеке өзімнің атымнан сіздерді кәсіби мереке – Атом саласы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның атом саласы экономиканың стратегиялық маңызды және табысты салаларының бірі. Сіздердің елеулі еңбектеріңіздің арқасында Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекетке айналды.

Атом өнеркәсібінің негізгі капиталы – өз ісіне шын берілген, нағыз жоғары білікті мамандар. Сіздер мамандыққа адалдық танытып, ерекше жауапкершіліктеріңіз бен адал еңбектеріңіз арқылы еліміздің атом саласының өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер.

Бүгінгі мерекеде баршаңызға зор денсаулық пен қауіпсіз жұмыс, толағай табыс тілеймін!

Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С.Дәулеталин