Өз ісінің майталманы

Болат Мерғалымұлы Мерғалымов өзінің еңбек жолын 1964 жылы бастаған. Жас кезінен бастап ауыл шаруашылығы саласында зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеді.

Соңғы жылдары “Неупокоев” ШҚ-да жұмыс істеді. Жұмыс барысында өзін адал, атқарушы қызметкер ретінде көрсетті. Оған жауапкершілік, еңбексүйгіштік сезімі тән. Өз еңбегі үшін бірнеше рет алғыс алды. Жастардың жақсы тәлімгері, оған өзінің кәсіби шеберлік тәжірибесін береді, ұжымда беделге ие. 2009 жылғы егіс және егін жинау науқаны кезінде дәнді дақылдарды егу үшін жерді жырту кезінде ең жақсы нәтиже көрсетті, атап айтқанда 950 тонна бидай, 100 тонна күнбағыс бастырылды, 700 га сүдігер жыртылды. 2010 жылғы егіс науқаны кезінде 600 га алаңда дәнді дақылдар, 150 га күнбағысты отырғызды, 620 га үйінді жыртылды, қазіргі уақытта СК-5, ЖВ-10 комбайнында 350 га алаңда пішенге көпжылдық шөптер қосовицасын жүргізеді.

Қазіргі уақытта ол Прииртышка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының мүшесі болып табылады. Жергілікті халық арасында үлкен беделге ие. Үш бала тәрбиелеп, енді немерелерін тәрбиелеуге көмектеседі, өз тәжірибесін жас қызметкерлерге береді. Бірнеше рет “Үздік механизатор” дипломымен марапатталды, Құрмет тақтасына енгізілді, социалистік жарыстағы жоғары жетістіктері және егін жинау кезеңіндегі социалистік жарыстағы жоғары көрсеткіштері үшін құрмет грамоталарымен марапатталды, оған “Мамандығы бойынша үздік” атағы берілді, ауданның ауыл шаруашылығын дамытудағы көп жылдық және адал еңбегі үшін аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталды, төрт рет “Егін егудің батыры” деп танылды.

Болат Мерғалымұлы Мерғалимов барлық еңбек жылдары бастауыш кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі болып табылады.