Кәсіподақ күні мерекесі қарсаңында бастауыш ұйым мүшелерімен кездесті

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігінің төрағасы А. Әмірғалиев пен«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестік төрайымы Раушан Серікова “Мейірім” жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығында» болып, бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесті. Орталықта 60 адам – бастауыш ұйымға мүше. Оның 10-ы – педагог мамандар.

Орталық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мамандық таңдап, еңбек жолына бастап, үй болып орналысып, өмірден өз орындарын табуларына қолдау жасаумен айналысады. Тәрбиеленушілерге баспана алып беру – Орталықтың негізгі мақсаты. 20 жылдан бері Облыстық жастар үйі 247 тәрбиеленушіге баспана алуға көмектесті.

Қазіргі таңда 98 адам Ақтөбе қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорында кезекте тұр. 106-і “Отбасы банкінің” салымшысы. Бастауыш кәісподақ ұйымының төрайымы Гүлнар Игисенова әлеуметтік әріптесімен ұжымдық шарт жасасып, кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқытарын қорғауға, оларға әлеуметтік қолдау жасауға үлес қосып жүр.

Мысалы, жазғы еңбек демалыстарында кәсіподақ мүшелерінің шипажайларда демалып, тынығуына мүмкіндік жасалған. Қызметкерлер жыл сайын медициналық тексеруден жұмыс беруші есебінен тегін өтеді. Бұл да – кәсіподақ тарапынан жасалған қолдау. Кездесу барысында кәсіподақ мүшелері сауалдарын қойып, нақты жауаптар ала алды. Және үздік еңбеккерлер алғыс хат, құрмет грамотасымен марапатталды. Білім кәсіподағы тарапынан ұзақ жылдарғы жемісті еңбегі үшін бірқатар жұмыскерлерге 100 мың тенге ақшалай сертификаттар табыс етілді.