“ASHYQ SÓZ” бағдарламасында кәсіподақ қызметі талданды

Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Динара Айтжанова “Ertis – аdaldyq аlańy” жобалық кеңсесінің жетекшісі Ризабек Исабеков жүргізетін “ASHYQ SÓZ” авторлық бағдарламасында қонақ болды.

Жүргізушінің сұрақтарына жауап бере отырып, Динара Айтжанова кәсіподақтар қызметінің міндеттері мен бағыттары туралы, вакцинациялаудың пайдасы туралы түсіндіру жұмыстарына кәсіподақ бірлестіктерінің қатысуы туралы, кәсіподақтардың еңбек жағдайларын жақсартуға және қауіпсіз жұмыс орындарын құруға қоғамдық бақылау жүргізу туралы айтып берді.