Бастауыш кәсіподақ ұйымының белсенді мүшелеріне марапаттар табысталды

“Қалың қалай, бастауыш ұйым?” республикалық акциясы аясында “Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы” аумақтық бірлестігінің төрағасы А. Әмірғалиев пен «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрайымы Назира Табылдинова Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейі ұжымымен кездесті.

Шара барысында Алтынбек Аманұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында көтерілген ең төменгі жалақыны өсіру, мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысының өсуі, кәсіподақ тарапынан еңбек адамдарына жасалып жатқан әлеуметтік қолдау мәселелеріне тоқталып өтті.

Іс-шара барысында Кәсіподақтар күніне орай бастауыш кәсіподақ ұйымының белсенді мүшелеріне марапаттар табысталды.