Ақ халатты абзал жан

Әлемдегі ең маңызды да мерейлі мамандықтардың бірі – дәрігер. Ақ халатты абзал жан атты асқақ атау да – соның айғағы. Денсаулық сақтау саласында қажымай тер төгіп, еселі еңбек етіп келе жатқан, антына адал, білікті де білімді дәрігерлердің бірі – көп бейінді облыстық аурухананың кеңес беру бөлімшесінің меңгерушісі Жукова Татьяна Дмитриевна.

Татьяна Дмитриевна – өзінің адал еңбегімен, кісілік келбетімен, шынайы еңбекке берілген тазалығымен, шыдамдылығымен өз ортасында мәртебеге ие болып келе жатқан жан.

Жукова Татьяна Дмитриевна, 1962 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

1982-1988жж. аралығында Қарағанды медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығын бітіріп, 1988-1989жж. Қызылорда облыстық ауруханасында интернатурадан өткен.

Еңбек жолын 1989 жылдан Қызылорда облыстық ауруханасының №2 терапия бөлімшесінің терапевт дәрігері болып бастап, 1996-1999 жылдары Қызылорда облыстық диагностикалық орталығының пульмонолог дәрігері, 1999-2009 жж. Облыстық медицина орталығының терапевт және пульмонолог дәрігері, қосымша қызметте облыстық медицина орталығының экономика бөлімінің меңгерушісі, 2009-2010 жж. Қызылорда темір жол ауруханасының ақылы бөлімшесінің меңгерушісі, 2010-2012 жж.- ЖШС «Медикер» дәрігер терапевт, 2012-2015 жж. – облыстық медицина орталығының №1 терапия бөлімшесінің меңгерушісі, 2015-2018 жж.- қабылдау бөлімшесінде терапевт лауазымдарын атқарды.

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін көп бейінді облыстық аурухананың кеңес беру диагностика бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Дәрігер мамандығы үнемі ізденіспен науқас азғасын емдеудегі тың жаңалықтарды меңгеріп, тәжірибеге енгізумен ерекшеленеді. Татьяна Дмитриевна әрдайым өз білімін жетілдіріп, оны күнделікті тәжірибесінде жемісті қолданып, емделушілердің сырқаттарынан айығуына мол үлесін қосып келеді. Ұжым арасында сыйлы, құрметке лайықты нағыз «Еңбек адам».