Кәсіподақ өкілдері бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті

Ақтөбе облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Алтынбек Әмірғалиев және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының өкілдері Мартөк аудандық ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесу өткізді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы аурухана әкімшілігімен тығыз жұмыс істеп, әлеуметтік әріптестік аясында іскерлік байланыс орната білген.

Мәртөк аудандық ауруханасы 2018 жылдан бері «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағына мүше.

Ақтөбе облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Алтынбек Аманұлы өз сөзінде кәсіподақтың еңбек адамының құқығын қорғаудағы жаңа бастамаларымен, қолданыстағы Еңбек кодексінің жұмысшылардың мүдделерін қорғайтынына жан-жақты тақталды.

Мәртөк аудандық ауруханасының бірқатар үздік қызметкерлерін 10 қазан Қазақстан Республикасының Кәсіподақтары күні мерекесімен шын жүректен құттықтап ,ерен еңбектері үшін алғыс хат табыс етті.

Мәртөк аудандық ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ұлболсын Ізімғалиқызы «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағына өз алғысын білдіріп, істелген іс-шаралар бойынша есеп берді. Ұжымдық шарт арқылы медицина қызметкерлеріне, орта және кіші буын қызметкерлеріне де жан-жақты әлеуметтік қолдаулар жасалынып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар іс-шара барысында Мәртөк аудандық ауруханасының зейнеткерлеріне сыйлықтар мен марапаттар берілді.

Іс-шара Мәртөк аудандық ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастырумен болған 18-35 жастағы медицина қызметкерлері арасында «Көңілді старт» атты спартакиадиаға жалғасты.

Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.

Өткізілген жарысқа 3 команда қатысты. Жарыс барысында қатысушылар жеңіске жетуге бар күшін салды.

Кәсіподақ атынан жүлдегерлерге мадақтама, медаль және де ақшалай сыйлықтар табыс етілді.