Салалық кәсіподақтың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өңірлік форум-слеті ұйымдастырылды

2021 жылғы 29 қыркүйекте Семей қаласында “Қызмет” мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мирболат Хабиұлының қатысуымен Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының, Семей және Аягөз қалаларының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өңірлік форум-слеті өтті.

Форум-слетке “Қызмет” мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Әбутәліпұлы қатысты.

Форум-слет бағдарламасы бойынша қатысушылар “2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымдары жылы” акциясын үздік кәсіподақ белсенділерін марапаттаумен қорытындылап, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетістіктері мен өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

Саланың кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан ерекше еңбегі үшін “Қызмет” мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Әбутәліпұлы Қапеновке “Мемлекеттік қызметшілер кәсіподағының үздігі” төсбелгісі табыс етілді.

Форум-слет аясында өңірдің кәсіподақ активтеріне арналған семинар-тренинг өткізілді.

Форум-слетке қатысушылар оның жұмысы аяқталғаннан кейін салалық кәсіподақтың Орталық комитетіне кәсіподақтардың ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын талқылау мүмкіндігі үшін алғыс білдірді.