«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында кездесу өтті

2021 жылғы 29 қыркүйек күні «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері Шымкент қаласы әкімдігінің «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, ұжым мүшелерінің қызмет көрсету жұмыстарымен және кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.

Орталықта 271 адам жұмыс жасауда, оның ішінде: әкімшілік қызметкерлері – 11, дәрігерлер мен медбикелер – 33, білім және тәрбие беруші педагогтар – 47, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар – 3, палаталық санитарлар (бала күтушілер) – 78, шаруашылық жұмыс атқаратын (санитар тазалаушы, моншашы, кір жуушы, асхана, шаруашылық) қызметкерлері – 31, сондай-ақ күндізгі жартылай стационар қызметкерлері – 63.

Мекемені тәжірибелі педагог Камилла Мүсірқызы Ауанасова басқарады.

Кәсіподақ ұйымының төрайымы Молдабекова Гүлнұр Орынбасарқызы ұйымның жұмысын дұрыс жолға қойып, орталық қызметкерлерін 100% кәсіподақ мүшелігіне кіргізген.

Оған мекеменің әкімшілігі тарапынан толық қолдау көрсетіліп отыр.

Ынтымағы мен бірлігі жарасқан ұжым мүшелері 230-ға жуық балаларды емдеуде, оңалтуда және білім мен тәрбиені қатар беруде, сондай-ақ ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасауда ерекше еңбек етіп жатыр.
Жұмыскерлердің құқын қорғау мен оларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыс беруші мен кәсіподақ арасында ұжымдық шарт жасалып, оның орындалуы жүзеге асырылып келеді.

Мекеменің жұмыс орындарында қызмет алушылар мен қызмет көрсетушілер үшін де өте қолайлы жағдайлар жасалып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.

Сондай-ақ, оларда еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау мәселелері талапқа сай жүргізілуде.

«1 қазан – Әлеуметтік қызметкерлер күні» және «10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні» мерекесіне орай, мекеме жұмыскерлерінің ішінен көп жылдан бері еңбек сіңіріп, белсенді қызмет етіп жүрген кәсіподақ мүшелерін «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов филиалдың «Құрмет грамотасымен» мекеме басшысының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Сұлтанбеков Бақытжан Оспанұлын және филиалдың «Алғыс хатымен» мекеменің тәрбиешісі Шмралиева Назипа Әлдібекқызын марапаттап, мекемеге арнайы Шәмші Қалдаяқов туралы, Мұхтар Шахановтың «Заблуждение цивилизации» «Космоформула карающей памяти» атты және Арыстанбек Мұхамедиұлының «Кемеңгер тұлғалардың ұлы аналары» туралы бағалы кітаптарын сыйға тартты.