ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының 1 қазан Қарттар күнімен құттықтауы

Құрметті қазыналы қариялар!

Ардақты аға буын өкілдері!

Сіздерді  1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн баршамыз үшін ерекше мереке. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» демекші, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Бұл мереке – ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі.

Сіздердің өмір жолдарыңыз – адал еңбектің, батылдық пен адамгершіліктің үлгісі. Сіздер рухани құндылықтар мен дәстүрлерді сақтаушысыздар.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өткелі отырған Отанымыздың өсіп-өркендеуінде Сіздердің қосқан үлестеріңіз зор.  Қарияларымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан ардақты қарияларымызға мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, құт-береке тілеймін!

Ізгі ниетпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы                      С.Дәулеталин