Атқару комитетінің отырысында кәсіподақ мүшелерін сауықтыру мәселелері қаралды

“Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымы” ҚБ Атқару комитетінің отырысы өтті.

Атқару комитетінің отырысында кәсіподақ активін оқыту және Аққулы мен Павлодар аудандарында іс жүргізу жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы, кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларының жазғы демалысының және сауықтырылуының қорытындылары туралы мәселелер қаралды.

Қоғамдық бірлестіктің аудандық филиалдарының жұмысын зерделеу нәтижелерін тыңдап және талқылағаннан кейін, қоғамдық бірлестіктің атқару комитеті филиалдардың қызметі кәсіподақ жарғысына және кәсіподақ жұмысының нақты бағыттарын реттейтін нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті.

Аталған мәселе бойынша Аққулы және Павлодар аудандарының филиалдарының жұмысына оң баға беріліп, осы филиалдардың жұмысын ұйымдастыру тәжірибесін жинақтау мақсатында кәсіподақ ұйымдары үшін әдістемелік құрал әзірлеу ұсынылды.

Атқару комитетінің жұмысы іскерлік және сындарлы жағдайда өтті, барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.