«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС ардагерлерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады

Бастауыш кәсіподақ ұйымы Жастар кеңесімен және станция басшылығымен бірлесіп “Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1” ЖШС 70 жастан асқан алпыс тоғыз еңбек ардагерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС – 1 дамыту игілігіне берілген еңбек өтілі, ерлік еңбек күндері, жинақталған өндірістік тәжірибелері жас жұмысшыларға үлгі-өнеге.

Еңбек ұрпақтарының үздік дәстүрлерінде бүгінгі күні ардагерлерді тұрғылықты жері бойынша станцияның жас қызметкерлері құттықтайды.