Кәсіподақ төрағасы ақ халатты абзал жандармен кездесті

«Облыстық психикалық денсаулық орталығында» Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығы төрайымы А.Есекенова, «Қазақстандық «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы М.Кусаинов бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесті.

Шара барысында Айгүл Оразқызы ең алдымен дәрігерлік ұжымға пандемия кезіндегі ерен еңбектері үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, кәсіподақтардың имидждік позициялануын, еліміздегі еңбекшілердің басым бөлігінің қоғамдық пікірін білдіруші, әлеуметтік-еңбек саласындағы әртүрлі мәселелер бойынша жүйелі мониторинг жүргізуші және кәсіподақ мүшелеріне нақты көмек көрсетуші, әлеуметтік әріптестермен тең құқықты және тең шартты диалог жүргізуші екенін атап көрсетті. Елдегі коронавирустық жағдайға байланысты қабылданған қашықтан жұмыс жасау заңнамасының маңыздылығын, айрықша тұстарына тоқталып өтті.

Кездесу соңында Қазақстан Кәсіподақтар күні қарсаңында бірқатар кәсіподақ мүшелері Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды.