Павлодар облысының өңірлік үшжақты комиссиясының отырысы өтті

Кәсіптік одақтар тарапынан Павлодар облыстық мәслихатының депутаты “Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы” АКБ-нің төрайымы Д.Айтжанова, “Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы” ҚБ төрайымы Г.Науразбаеваның, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қатысуымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, “Қазметаллкәсіп” тау-кен металлургия салалық кәсіптік одағы” ҚБ Павлодар облысы бойынша төрағасының орынбасары Р.Даумова, “Senim” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы С.Төлегенова сөз сөйледі.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес “Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің кейбір мәселелері және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет көрсету туралы”, “Өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету бойынша “Қазхром” ТҰК АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының кәсіподақ комитеті қабылдап жатқан шаралар туралы”, “Ертіс және Ақтоғай аудандарында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысы туралы” мәселелер қаралды.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова: “Әлеуметтік диалогтың ерекше институты Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты өңірлік комиссия болып табылады. Еңбек саласындағы неғұрлым маңызды мәселелерді шешудегі оның рөлін арттырып, комиссия қарайтын мәселелер туралы, сондай-ақ қабылданған шешімдер туралы азаматтарды хабардар ету үшін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланған жөн”.