Үлкенге құрмет – ізеттілік белгісі

“Қызмет” салалық кәсіподағының Семей аймақтық филиалы мен “Nur Otan” партиясының Семей қалалық филиалының ұйымдастыруымен “Ардагерлерді ардақтайық”партиялық жобасы аясында “Қарттарым – асыл қазына” акциясы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының “№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы” КММ өтті.

Акцияның мақсаты – ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қамтамасыз ету, қоғамда ынтымақ, патриотизм, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту. Мұндай ізгілікті шараларға ардагерлер дән риза. «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасының аясында алдағы уақытта да қарияларға көмек көрсетілетін болады.