Ұстаздарға құрмет көрсетілді

Қарқаралы қаласындағы академик О.А.Жаутыков атындағы №1 орта мектепте «Ұстаздар күні» мерекесіне орай мерекелік шара ұйымдастырылды.

Мерекелік шараны мектеп директоры Сұңғат Кәрімұлы құттықтау сөзімен ашып, ұстаздарға ақ жарқын ізгі тілегін білдіріп, Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған “Қазақ аспанында – Қасым рухы” атты облыстық семинарға белсене қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөліскендері үшін қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері  Меруерт Абдикаликова  мен Дана Алиеваны Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының алғыс хатымен марапаттады.

Сонымен қатар төл мереке қарсаңында Қарқаралы ауданының білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Азамат Секербайұлы мектептің ұстаздарын арнайы құттықтай келіп, ұстаздарға деген зор ықыласын, құттықтауын жеткізіп, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ жұмысына қосқан үлестері үшін» мектепте ұзақ жылдар қызмет атқарған ұстаздар Береке Канафина, Бақыт Канафина,  Алмагүл Бақтиярова, Гүлнар Нарымбекова, Зейнеп Сланбекова, Дариға Тұрғамбаеваны кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен марапаттап, қаржылай сыйақы табыстады.

Меркелік шара ұстаздардың ұйымдастыруымен өткен концерттік бағдарламамен ұласып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.