Кәсіподақ күні қарсаңында Қобда ауданында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне сый-құрмет көрсетілді

Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы аясында Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігінің төрағасы Алтынбек Әмірғалиев Қобда ауданындағы ҚР ауыл шаруашылығы саласы еңбекерлері салалық кәсіподағы Ақтөбе филиалына қарасты бастауыш ұйымдармен кездесті.

Қобда ауданындағы іргелі шаруашылықтардың денінің жұмысшылары бастауыш ұйымдарға мүше. Ауданда 200-ге тарта шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Кәсіпкерлік дамып келеді. Әсіресе аудан шаруалары мемлекеттік бағдарламалардың жемісін көріп, мал басын көбейтіп, егін салып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп отыр.

Осы орайда Салалық кәсіподаққа мүше бастауыш ұйымдардың да жұмысын ерекше атап өтуге болады. Олар жұмыс берушілермен ұжымдық шартқа отырып, көптеген әлеуметтік кепілдемелерге ие болып отыр. Аудан және қала тұрғындарын ет, құс, балық, сүт, бау-бақша және көкөніс өнімдерімен арзан бағамен қамтып отырған жұмыскерлердің еңбек құқығының қорғалуы да басты назарда. Кездесу барысында бірқатар шаруашылықтардың үздік еңбеккерлері Ақтөбе облыстық аумақтық бірлестік тарапынан алғыс хаттармен марапатталды. Кездесу диалог түрінде өтті. Жұмысшылар көкейіндегі сауалдарын қойып, жауаптар ала алды. Кездесу соңында кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.