Марапаттар өз иелерін тапты

Ш.Ділдебаев атындағы Мәдениет үйінде өткен Мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиналыста Жезқазған өңірінің Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы Қарағанды облысының Жезқазған және Сәтбаев қалаларының еңбек ардагерлерін, еңбек сіңірген педагогтерін шын жүректен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.

Кәсіби мереке құрметіне білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Сәтбаев қаласының білім бөлімінің басшысы Берік Ақышбеков, С.Сейфуллин атындағы гимназия мұғалімдері Қарлығаш Магзумова, Зульфия Шамсутдинова, №3, 15, 16 орта мектептерінің мұғалімдері –  Гүлбану Идрисова,  Жұпар Қуанбекова, Айгүл Утарова Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сәтбаев қаласының білім бөлімінің бас мамандары – Гүлбану Хасенова және Салтанат Айжанованың еңбектері Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Орталық комитетінің Грамотасымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен атап өтілді.

Кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін кәсіподақтың белсенді мүшелеріне жыл сайын құрмет көрсету дәстүрге айналды. Сәтбаев қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының филиалы № 11 мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Урухафзе Сейтқазықызына және «Нұрбөбек» бөбекжай-бақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айткүл Тапелқызына шипажайлық-курорттық емделуге екі тегін жолдама табыс етілді.