Қарағанды облысында Кәсіподақтар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 303 қаулысымен 10 қазан Қазақстан кәсіподақтары күні болып бекітілді.

2021 жылғы 4 қазанда Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығында кәсіподақ қозғалысының ардагерлерінің, еңбек ұжымдары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, әлеуметтік әріптестердің, бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының қатысуымен Кәсіподақтар күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев өзінің құттықтау сөзінде кәсіподақтардың қызметкерлердің әл-ауқатын жақсарту мәселелерін шешудегі жоғары рөлін атап өтті: «Кәсіподақтар федерациясы өз қатарларында 40 мүшелік ұйымның атынан өкілдік ететін 2 миллионға жуық қызметкерді біріктіретін, әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын насихаттайтын, қызметкерлердің мүдделерін білдіретін және олардың заңды құқықтарын қорғайтын ең танымал қоғамдық ұйым ретінде біздің еліміздің дамуына өз үлесін қосты.

Бас Кеңестің өткен жылғы 23 желтоқсандағы шешімімен 2021 жыл «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» болып жарияланды. Ағымдағы жылдың 8 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы өтеді, оның жұмысына барлық Салалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысады, ал бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Телағысұлы Дәулеталиннің атынан Қарағанды өңірі кәсіподақтарының барлық мүшелерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын».

Мерекелік көңіл-күймен өткен іс-шарада өз салалары мен кәсіподақ қозғалысының дамуына елеулі үлес қосқан Қарағанды облысының Кәсіподақ қозғалысының өкілдері:
Андреевская Макишев Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Қазақстан кәсіподақтар қозғалысына сіңірген еңбегі үшін» медалімен Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрайымы Алмакүл Өсерова, «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалімен  Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасы филиалының Татуласу Орталығының басшысы  Света Шардарбекова,  Кәсіподақ ардагері» медалімен  «Қарағанды Су» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы  Гүлнара Шахарбаева, «Еңбек озаты» медалімен Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы» КММ директорының орынбасары Дулат  Макишев және филиалдың кадрлар даярлау жөніндегі жетекші инженері, «Қамқор Локомотив» ЖШС Қарағанды локомотив жөндеу депосының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Елена Владимировна марапатталды.

Мемлекеттің негізгі байлығы – Еңбек адамы. Сондықтан, Кәсіподақтар күні қарсаңында қазақстандықтар кәсіподақтар күнін ғана емес, жалпы мереке – еңбек халқының мерекесін атап өтеді!

Марапаттау рәсіміне жас ұрпақтың дене тәрбиесі және салауатты өмір салты мәселелеріне ерекше көңіл бөлетін және кәсіподақ жұмысына белсенді қатысатын Қазақстан спортының мақтанышы, бокстан КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем Кубогының күміс жүлдегері, КСРО-ның үш дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы /Варна қ./ Серік Нұрқазов қатысты.

Салтанатты шараға қатысушыларға Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының шығармашылық тобы мерекелік концерт тарту етті.