Ұлағатты ұстаздарға құрмет

Биылғы ұстаздар мерекесі қазыналы қариялар мерекесімен тұспа-тұс келуіне орай, Жәнібек ауданы Т.Жароков атындағы ЖОББ мектебінің кәсіподақ комитеті мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, мектептің зейнеткер ардагер ұстаздары мен техникалық қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, шоқ гүлдері мен тәттілерін тарту етті.

Ардагерлер сый-құрметтері үшін шынайы алғыстарын білдіріп, сөз кезегінде мектептің қазіргі тыныс-тіршілігі жайлы сұрап, оқушылар мен ұстаздар қауымының жетістіктері үшін шынайы қуанды.