Ұлағатты ұстаз – еңбегімен елеулі

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытқан мұғалімдерге арналған мерекелік жиын Ұлытау ауданына қарасты Жезді кентінде де өтті.

Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Марат Қоңырбаевтың құттықтауын жеткізу үшін ұстаздарды ұлықтаған салтанатқа Дархан Жақыпбек пен Медет Ерназаров асығып жетті.

Ұлы қызметтің тұтқасын ұстаған жандарды төл мерекесімен құттықтаған кәсіптік одақтың өкілдері еңбегімен дараланған педагогтерді марапаттады. Атап айтқанда, Жезді мектеп-интернатының директоры Серікбай Күнтуғанов пен химия пәнінің мұғалімі Дина Бекеноваға «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісін тапсырды. Сонымен бірге, мектеп-интернаты мен №6 тірек мектебінің ұстаздары Ақмарал Алшынбектің, Сандуғаш Ахметова мен Дана Мырзабекованың, Меруерт Қабдуллаеваның, Маржан Аубаева мен Бағдат Нұрманованың, Ақнұр Әшірбекова мен Гүлмаржан Шегебаеваның, Гүлшат Махаева мен Әсем Құлжанованың, сондай-ақ Жанат Смағұлова мен Гүлбану Битенованың ұзақ жылғы еңбегін аймақтық кәсіптік одақтың Құрмет грамотасымен еледі.

Әсем әнмен ажарланған мерекелік шарадан жезділік мұғалімдер көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.