Еңбегі елеулі ел ағасы

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Кәсіподақтар күніне орай өңірлік «Бастауыш кәсіподақ ұйымдары форумы» өткізілген болатын.

Аталған форумда «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесхановқа Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасы табысталды.

Серік Елемесұлы облыстағы және қаладағы кәсіподақ қозғалыстарына да белсенді үлес қосып келеді.

Кәсіподақ төрағасы Арыс қаласындағы жарылыс, Мақтаарал ауданындағы су тасқыны кездерінде, елімізде коронавирус індеті тараған кездері Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғындары үшін кәсіподақтар тарапынан әлеуметтік көмек ұйымдастырушы ретінде таныла білді.

«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы ретінде 23 бастауыш кәсіподақ ұйымын ашып, оған 872 адамды кәсіподақ мүшелігіне кіргізді.

Әуесханов Серік Елемесұлы тәжірибесі мен адамгершілігі мол, іскер, көпшіліктің сый құрметіне бөленген, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, абыройы биік білікті маман, ел дамуына мол үлес қосып келе жатқан абзал азамат және атқарған жұмыстарының бәрінде нәтижелі көрсеткішке қол жеткізіп келеді.