Кәсіподақтар күніне орай медицина қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды

2021 жылдың 24 қыркүйегі мен 2 қазан аралығында Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күнін мерекелеу қарсаңында “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалы облыстың медицина қызметкерлері арасында шағын футболдан облыстық турнир ұйымдастырды. Командалар қалалық, аудандық ұйымдардың медициналық қызметкерлерінен құрылды. Барлығы 12 команда қатысты.

Турнирдің мақсаты: кәсіподақ мүшелері арасында дене шынықтыру мен спортты облыстың денсаулық сақтау медициналық мекемелері қызметкерлерінің денсаулығы мен дене дамуын нығайтудың жаңа құралы ретінде насихаттау, дәрігерлер арасында футболды танымал ету, салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ медициналық мекемелердің өзара іс-қимылы.

Облыстық турнир қорытындысы бойынша бірінші жүлделі орын “Семей медицина университеті” КЕАҚ футбол командасына, екінші – “Шарбақты аудандық ауруханасы” ШЖҚ КМК және үшінші – “Павлодар қаласының №5 емханасы”ШЖҚ КМК берілді. Дәстүрлі түрде турнир жеңімпаздарына грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.