Кәсіподақ мүшелері арасында «Салауатты өмір спорттан басталады» атты жарыс өткізілді

«10 қазан – Қазақстан Республикасы кәсіподақтары күні» мерекесіне орай «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы Қ.Хаметовтың ұйымдастыруымен Мақтаарал аудандық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері арасында кіші футболдан «Салауатты өмір спорттан басталады» атты жарыс өткізілді.

Жарысқа мемлекеттік мекемелерден 8 команданың ішінде, барлығы 100-ге жуық кәсіподақ мүшелері қатысты.

Басты мақсат – ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау, қызметшілер арасында достық қарым-қатынасты нығайту. Дене шынықтыру мен спортты дәріптеу. Кәсіподақтар күнін лайықты атап өту.

Жарыс еліміздің әнұранымен басталды. Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешенқұлова  жарысты ашып, қызметкерлерді «Қазақстан кәсіподақтары күні» мерекесімен құттықтай отырып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жүлделі орынға ие болған командалармен жақсы ойын көрсеткен командалар «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.