Кәсіп пен кәсіподаққа адалдықты берік ұстанатын жан

Санников Александр Николаевич 22 жыл “Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1” ЖШС отын-көлік цехының 5 разрядты отын беру жабдығын жөндеу жөніндегі слесарі болып жұмыс істейді, жалпы еңбек өтілі – 37 жыл.

Кәсіподақтың белсенді мүшесі болып табылады. “Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1″ ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымы” филиалының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты. Кәсіподақ жұмысының алғашқы күнінен бастап станцияның кәсіподақ комитетінің мүшелігіне сайланды.

Қазіргі уақытта кәсіподақ ұйымының қызметкерлердің заңды мүдделерін қорғау саласындағы мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде, қоғамдық жұмысқа жауапкершілікпен қарайды, адамдарға мұқият қарайды. Кәсіпорында жұмыс істеген уақытында өзін атқарушы, тәртіпті, техникалық сауатты қызметкер ретінде көрсете білді.

Ұжымда үлкен құрметке ие, жас мамандардың тәлімгері болып табылады, жұмыс тәжірибесін жеткізе отырып, таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін оятады. “Қазэнергокәсіподағының” Құрмет грамотасымен марапатталған.