Еңбек адамын қолдау мәселесі бойынша пікір алмасты

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов Шымкент қалалық мемлекеттік архиві директорының орынбасары  Алтын Сейтаева және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Камила Байтулешовамен бірге Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымындағы кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, қал-жағдайларымен танысып, «Еңбек адамы» атты тақырыбындағы архив қоймасының меңгерушісі Гүлжан Боханның баяндамасын тыңдап, еңбек адамын ынталандыруға бағытталған пікірмен алмасты.

Жиын қорытындысында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов қатысушыларды «10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні» мерекесімен құттықтап, марапаттар табыстады.

Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен»  Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің архив құжаттарын пайдалану және жариялау бөлімінің архивисі Дастан Бекешев және «Алғыс хатымен» Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұлттық архив қоры құжаттарын толықтыру және есебін жүргізу бөлімінің археографы Айгул Райымкулова  марапатталды.

Шымкент қалалық мемлекеттік архиві директорының орынбасары Алтын Кеңесқызы және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Камила Ералықызы ұжым мүшелерінің атынан салалық кәсіподақпен бірлескен жұмыс атқаруға ниет білдіріп, кәсіподақ көшбасшыларына алғысын білдірді.