Ұстаздардың еңбегі атап өтілді

Ұстаздар мерекесіне орай Хромтау аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен және кәсіподақ ұйымының демеушілігімен мерекелік шара өтті.

Салтанатты жиында Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін ауданның бір топ ұстазы ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Ақтөбе облыстық білім басқармасының, облыстық кәсіподақ ұйымының және аудандық білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Сонымен қатар, бұл күні ардагер ұстаздарға да құрмет көрсетілді. Қатар келген қос мерекеде келешек ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие берген сала ардагерлерін білім бөлімінің басшысы Э. Болатов пен білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Г. Ақанова құттықтап барып, сый-сияпат тарту етті.