«SENIM» бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысшыларды марапаттады

Саран қаласының орталық ауруханасында Қазақстан кәсіподақтары күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Кәсіпорын директоры Иван Ермолаев, кәсіподақтың 510 мүшесін біріктіретін бастауыш ұйым төрайымы Зура Нұрғалиева, сондай-ақ «SENIM» денсаулық сақтау жүйесінің кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сұлтан Медеубаев құттықтау сөз сөйледі.

Сұлтан Медеубаев өз құттықтау сөзінде кәсіподақтың құрылу тарихы мен 10 қазан күні Қазақстан Кәсіподақтары күнін мерекелеу күні ретінде бекітілгенін атап өтіп, Қарағанды облыстық филиалының Атқару комитетінің қаулысымен қызметтік пәтер алған жас мамандар үшін 18 қысқатолқынды пеш сатып алуға демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Іс-шара соңында кәсіподақ белсенділері Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.