shymkenttv.kz: “ШЫМКЕНТТЕ БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ”

Бүгін Шымкентте республикалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті. Іс-шара еліміздің Кәсіподақтар федерациясы жариялаған «2021 жыл – Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» аясында ұйымдастырылды. Оған салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының өкілдері қатысты.

Мақсат – бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау дейді ұйымдастырушылар.Форум қатысушылары кәсіподақ мүшелерінің бірлігі мен ынтымақтастығын дамыту  кәсіподақ жұмысындағы озық тәжірибен насихаттау мәселелерін ортаға салды.

Лариса Тургинбаева – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкелері кәсіподағы Шымкент қалалық ұйымының төрайымы

«10-қазан кәсіподақ қозғалысының күні. Форум мереке қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Біз мұнда кәсіподақ жұмысын жетілдіру, дамыту мәселелерін қарастырамыз. Кәсіподақ қозғалысының жоспарын, әріптестердің жұмысты дамытуда ұсыныстарын талқылаймыз.»

Руслан Ақжігітов – “Шымкент қаласы” кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары

https://shymkenttv.kz/kz/news/society_public/shymkentte-bastauysh-kesipodak-uiymdarynyn-forumy-otti