ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының ҚР Кәсіподақтары күнімен құттықтауы

Құрметті әріптестер, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері!

Сіздерді Қазақстанның Кәсіподақтары күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі таңда Кәсіподақтар федерациясы екі миллионға жуық кәсіподақ мүшесін біріктіретін еліміздегі ең қуатты қоғамдық ұйым әрі азаматтық қоғамның қозғаушы күші.
Сіздердің әрқайсыларыңыз барлық күш-жігерлеріңізді, ұйымдастырушылық қабілеттеріңізді Еңбек адамына қоғамда айрықша құрмет көрсетілуі мен құқығының қорғалуына жұмсап жүрсіздер. Сол жолда әділеттіліктен айнымай, соңдарыңыздан ерген жас буынға үлгі-өнеге көрсетіп келесіздер.
Өздеріңіз білетіндей, 2021 жыл «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы» болып жарияланды. Бастауыш кәсіподақтар ұйымының жылы өз мәресіне жетсе де, біздің алдымызда қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін міндеттер мен басымдықтар тұр. Алдағы кезеңде кәсіподақтардың қызметі 2020 жылғы 2 қыркүйектегі XXVI съезде бекітілген «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте» Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының стратегиясына сәйкес құрылмақ.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, толағай табыс және ортақ ісімізде сәттілік тілеймін!
Басты қағидаттарымыз әділеттілік, жасампаздық және бірлікке негізделген дәстүріміз беки түссін!

Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С. Дәулеталин