Кәсіподақтар күнінде үздік бастауыш ұйымдар марапатталды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Кәсіподақтар күні аясында кәсіби мерекеге орай «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалы салтанатты шара ұйымдастырды.

Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, облысы әкімінің кеңесшісі Сания Қалдыгулова қатысты.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесінің шешімімен 2021 жыл «Бастауыш кәсіподақ ұйымы» жылы деп жарияланды. Осыған орай ұйымдастырылған республикалық байқауда Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медициналық Университеті бастауыш кәсіподақ ұйымы үздік деп танылды. Оларға алғыс хат пен 250 000 (екі жүз елу мың) теңге сертификат табыс етілді.