Қарағандылық кәсіподақ мүшелері үздіктер қатарынан көрінді

Қазақстанның кәсіподақ қозғалысының тарихы ХХ ғасырдың басынан бастау алады. 1905 жылғы 6 желтоқсанда құрылған қазіргі Қарағанды облысының аумағында орналасқан Успен мыс кенішінің жұмысшылар одағы ресми түрде еліміздегі алғашқы кәсіподақ ұйымы болып танылды.

Отанымыздың астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы республикалық форумында Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы қорытындыланды, онда 23 жеңімпаз еліміздің үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдары болып танылды, марапаттарды салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Телағысұлы табыс етті, олардың ішінде Қарағанды облысының 5 кәсіподақ ұйымы бар:
1. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана» ШЖҚ КМК бастауыш кәсіподақ ұйымы – кәсіподақ комитетінің төрағасы – Пан Андрей Владимирович;
2. «КАЗУГЛЕПРОФ» көміршілер Салалық одағының «Қорғау» көміршілер кәсіподағының «Құрылысмет» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымы – кәсіподақ комитетінің төрағасы – Литвинов Юрий Михайлович;
3. «Қамқор Магистраль» көлік жөндеу кәсіпорындарының Салалық кәсіптік одағының «Қарағанды локомотив жөндеу депосы» филиалының «Қамқор Локомотив» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымы – кәсіподақ комитетінің төрайымы – Андреевская Елена Владимировна;
4. «КАЗПРОФМЕТАЛЛ» Салалық тау-кен металлургиялық одағының «Жезказганцветмет» жұмыскерлерінің Шығыс Жезқазған кенішінің бастауыш кәсіподақ ұйымы – кәсіподақ комитетінің төрайымы – Искакова Гульжан Онлановна;
5. «КАЗУГЛЕПРОФ» көміршілер Салалық одағының «Қорғау» көміршілер кәсіподағының «Қорғау – защита» газетінің бас редакторы Имаш Марат Мерекеевич «Еңбек адамын ұлықтау» Медиабайқауында жеңімпаз болып танылды.