24.kz: “Биыл елімізде 70-ке жуық еңбек дауы тіркелді”

Даудың көпшілігі кәсіподағы жоқ кәсіпорындарда болған. Бірақ Кәсіподақтар федерациясы келіссөздер процестеріне қатысып, оң шешім табуына ықпал етті. Бұл туралы бүгін республикалық ұйымның төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумында мәлімдеді. Бүгінде республикада 17 татуластыру орталығы жұмыс істейді. 4 жыл ішінде олар түрлі мәселелер бойынша қызметкерлердің 6 мыңнан астам өтінішін қарап, 18 мыңға жуық кеңес берген.

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/503142-biyl-elimizde-70-ke-zhuy-e-bek-dauy-tirkeldi