Адал бәсекелестік – кәсіподақ мүшелерінің ұраны

Кәсіподақтар күні бірнеше жылдан бері кәсіподақ мүшелері үшін дәстүрлі мерекеге айналды. Өңірде әлеуметтік маңызға ие ірі кәсіпорындар «Батыс су арнасы» және «Жайықжылуқуат» бастауыш кәсіподақ ұйымдары биыл мерекені айрықша атап өтті. Мекемелердің кәсіподақ мүшелері сенбілік демалыс ұйымдастырып, спорттық сайыстарда бақ сынасты.

Орал ЖЭО-сы Батыс Қазақстан облысының энергетикалық жүйесінің дамуына өз үлесін қосып, өзіне жүктелген міндеттерді атқарып келеді. «Батыс су арнасы» Орал қаласын орталықтандырылған сумен жабдықтаудың бірден-бір көзі, су беру және ағынды суды бұру бойынша қызметті көрсететін монополияшылар кәсіпорындарының облыстық тізіліміне енгізілген.

Күнделікті жұмыс күнін лайықты демалысқа жалғай отырып, қызметкерлер футбол, воллейбол ойындарын ойнап, эстафеталық жарысқа қатысып, жаңа жұмыс аптасына жаңа күшпен оралды. Әр уақытта да ұжым ішіндегі ауызбіршілік пен татулық басты міндеттердің бірі, ол үшін осы тектес шараларды ұйымдастыру аса маңызды.