Адал еңбек абыройға бөлейді

2021 жылғы 8 қазанда Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар күнін мерекелеуге арналған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті.

Кәсіподақ белсенділерінің кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі жаңа кәсіподақ наградаларымен – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медальдарымен және Құрмет грамоталарымен атап өтілді.

Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасын “Богатырь Көмір” ЖШС Богатырь тиеу-көлік басқармасының “Э” ЖПҚ тарту агрегаты машинисінің көмекшісі Олег Валерьевич Таранов алды. Олег Валерьевичтің жалпы еңбек өтілі 32 жыл, оның ішінде 28 жыл “Богатырь Көмір” ЖШС жұмыс істейді.

Жауапты, еңбекқор қызметкер. Қойылған өндірістік тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындайды. Ұжымның қоғамдық өмірінде белсенді, жұмыскерлердің құқығын қорғауда, “Қазкөміркәсіп” салалық көміршілер кәсіподағының” жергілікті Екібастұз көміршілер кәсіподағы”қоғамдық бірлестігінің кәсіподақ комитетінің мүшесі болып табылады. Қызметкерлер арасында лайықты құрметке ие.

Көмір өнеркәсібіндегі еңбек жетістіктері үшін “III дәрежелі Шахтер Даңқы” төсбелгісімен марапатталған.