Еңбегін елге арнаған Еңбек адамы

“Екібастұз МАЭС-2” станциясы қазандық турбиналық цехының 5-разрядты қазандық жабдығы бойынша аралаушы машинисі Анатолий Михайлович Полищук тек цехтың ғана емес, бүкіл кәсіпорынның ең бағалы қызметкерлерінің бірі болып саналады.

Ол 28 жыл бойы өз кәсібіне адал болып келеді. Осы уақыт ішінде ол ешқашан ұжымды сәтсіздікке ұшыратпады және өмірін энергиямен байланыстырғанына өкінбеді.

“Адамдарға жарық пен жылулық сыйлау — сондай бақыт”, – дейді Анатолий Михайлович.

Ұзақ жылғы адал еңбегі және энергетиканы дамытуға қосқан үлесі үшін кәсіпорын басшылығы мен акционерлердің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған. 2011 жылы Екібастұз ГРЭС-2 станциясының Құрмет тақтасына енгізілді.