Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия “Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдаудың аймақтық орталығы” КММ тәрбиеленушілерімен жүздесті

Павлодар облысының аумақтық бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясы мектеп оқушыларымен кәсіпке арнау бойынша кездесулер циклін жалғастыруда.

2021 жылғы 11 қазанда Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясы “Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдаудың аймақтық орталығы” КММ-де болды. Кездесудің мақсаты – мамандықтар, кәсіптік одақтар, комиссия жұмысы туралы айтып, орталық тәрбиеленушілерінің сұрақтарына жауап беру.

“Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдаудың аймақтық орталығы” КММ тәрбиеленушілері “Poliklinika №1” ЖШС қызметкері Н.Кучеруктың медицинадағы мамандықтар туралы, “ЕRG Servise” ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы О.Корягинаның машина жасаушы мамандығы туралы әңгімелерін үлкен қызығушылықпен тыңдады. Оқушылар алғаш рет кәсіптік одақтар құрудың мақсаттары мен міндеттері, кәсіподақ қозғалысының тарихы және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қазіргі заманғы ұстанымдар туралы білді.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының жұмысы туралы егжей-тегжейлі слайд-есебі, еңбекші әйелдердің құқықтарын қолдау жөніндегі комиссияның мақсаттары мен міндеттері оқушыларды ерекше қызықтырды.

“Мамандық алу бойынша құпия армандар туралы диалог өтті. Кездесу басында қатысушылар театр қайраткерлері, хореографтар, информатика мұғалімдері немесе ақпараттық бағдарламалар жасайтын инженерлер болғысы келетіндіктері туралы айтты. Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия өкілдерінің жұмысшыларға арналған әлеуметтік пакет, ұжымдық шарт, зауыттағы спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар туралы әңгімелеріне қарай балалар жұмысшы мамандықтарына қызығушылық танытты. Балалардың өтініші бойынша жұмысшы мамандықтарының ерекшеліктерімен танысу жалғасады”, – деді комиссия мүшесі О.Корягина.