Еңбек адамы – ел мақтанышы

Шымкент қаласында Кәсіподақтар күніне орай өңірлік «Бастауыш кәсіподақ ұйымдары форумы» өткізілген болатын. Форумға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының» төрайымы Айгүл Мұқашева арнайы қатысып, бірқатар кәсіподақ мүшелерін марапаттады.

Марапатталғандардың қатарында «YNTYMAQ» шағын және орта бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы «Қуатжылу орталық – 3» МКК бөлім басшысының орынбасары Талғат Дәулетов бар.

Талғат Құлмаханбетұлының кеудесіне тұңғыш рет табысталған «Еңбек озаты» төсбелгісі тағылды.

Талғат Дәулетов 1979 жылы ОҚО Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Талғат Құлмаханбетұлының жалпы еңбек өтілі – 22 жыл. Кәсіподақтағы жұмыс өтілі – 20 жыл. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі – 10 жыл. Еңбек қызметі кезінде Талғат Дәулетов өзін білікті, тәжірибелі маман ретінде көрсетті. Жұмыс ұжымында үлкен сенім мен құрметке ие. Өз қызметіне берілген, белсенді. Жайдарлы, қарапайым жан.