Павлодар қаласы әкімінің орынбасары кәсіподақ мүшелерін кәсіби мерекемен құттықтады

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, экономиканың әртүрлі салаларының бастауыш, жергілікті кәсіподақ қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті.

Кәсіподақ қозғалысына қатысушыларды құттықтай отырып, С.А. Гладышева әлеуметтік-еңбек саласының тұрақтылығына, әлеуметтік әріптестікті дамытуға, еңбек дауларының алдын алуға және реттеуге өңірдің кәсіподақ бірлестіктерінің, соның ішінде Д. Н. Айтжанова төрағалық ететін Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ерекше үлесін атап өтті.

Павлодар қаласының әкімі Асаин Байханов Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің атына құттықтау хатын жолдады. “Бүгінде жұмыс орнында еңбек адамының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін сақтау сіздің кәсіподақ қызметіңіздің арқасында мүмкін болып отыр”, – делінген құттықтауда.

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары С. А. Гладышеваның назарына “Кәсіподақтар: Болашақ үшін еңбек!” атты фото көрме көрсетілді.

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, бастауыш, жергілікті кәсіподақ қоғамдық бірлестіктері Павлодар қаласының әкіміне Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күнімен құттықтағаны үшін алғысын білдірді, әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша қол жеткізілген жетістіктерді және әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік қатынастарды дамыту жөніндегі қалалық үшжақты комиссия жұмысы шеңберінде қалыптасқан ынтымақтастықты жоғары бағалайтындарын жеткізді.