Азаматтық қоғам, билік пен бизнес: әріптестік пен дамудың 30 жылдық белесі

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Азаматтық қоғам, билік пен бизнес: әріптестік пен дамудың 30 жылдық белесі» атты конференция өтті.

Жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, «Nur Otan» партиясы ШҚФ төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, Шымкент қаласының азаматтық Альянсының төрағасы Жұмағали Білісбеков «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды. Кездесу соңы конференция қарарын қабылдау бойынша «Саяси қауымдастық» қоғамдық бірлестігі, «Шымкент адалдық алаңы» және «Рухани Жаңғыру» меморандумға қол қоюға ұласты.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының азаматтық Альянсының төрағасы Жұмағали Білісбеков кездесу соңында бұған дейін «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасында меморандумға қол қойылғанын және аталған меморандум аясында тығыз байланыс орнатылып, жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізіп, «10 қазан – Кәсіподақтар күні» мерекесімен құттықтап, қолдау білдірді.