Кәсіподақ – Еңбек адамының тірегі

Еңбек қатынастарын реттеп, қызметкердің құқығы мен мүддесін қорғаушы басты ұйым.

Кәсіподақтың міндеттерін қалтқысыз орындап, әлеуметтік әріптестікті дамытып, білім беру ұйымдарында еңбек дауларының оң шешілуіне атсалысып жүрген Мәртөк ауданының кәсіподақ қызметкерлері құрметке бөленді.

Кәсіби мерекеге арналған шараның өтуіне аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мұрындық болды. Мерекелік шарада кәсіподақ мүшелері алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.