Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Қазақстан кәсіподақтар күніне орай 11 қазанда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында “Қызмет” мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша “Қызмет” Салалық кәсіподағы филиалының төрағасы Атақозы Нұрлановтың қатысуымен салтанатты іс -шара өтті.

«Нұрлы жүрек» ӘҚКО» КММ қызметкерлері мен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының кәсіподақ белсенділері «Құрмет» грамотасымен, «Алғыс хаттармен» марапатталды.Кәсіподақ мүшесі А.С. Жакупбекова адал еңбегі үшін “Еңбек озаты” төсбелгісімен марапатталды. Кәсіподақтар күніне арналған мерекелік іс-шара концертпен аяқталды.

Сол күні кәсіподақтар күнімен құттықтау шарасы «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Astana Jastary” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жалғасты. Аталған мекемелердін қызметкерлері 100 пайыз кәсіподақ мүшесі болып табылады.

М.Жақыпов құттықтау лебізін білдіріп, екі мемлекеттік мекеменін басшылары Қ. Камбаров пен Ч. Тілеулинге Салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасын және ұжымның белсенді кәсіподақ мүшелеріне Алғыс хаттар табыстады.