Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылында не өзгерді!?

Елена Андреевская 2015 жылы «ҚАМҚОР МАГИСТРАЛЬ» көлік жөндеу кәсіпорындарының салалық кәсіптік одағының (төрайымы – Светлана Байқадамова) «Қамқор Локомотив» ЖШС Қарағанды локомотив жөндеу депосы филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып сайланды, кәсіпорында 330-дан астам адам еңбек етеді, олардың барлығы 100 пайыз кәсіподақ мүшелері болып табылады.

Елена Владимировна сырлаушы-сылақшы оқушысынан кадрларды даярлау жөніндегі жетекші инженерге дейінгі еңбек жолынан өтті. Кәсіпорындағы жалпы жұмыс өтілі – 43 жыл. Жұмыс барысында ол өзін белсенді өмірлік ұстанымы бар, мейірімді және жанашыр адам ретінде көрсетті және өзінің лауазымдық міндеттерін жоғары кәсібилікпен орындайды.

Қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау және оларға көмек көрсету, еңбекті қорғау саласында бақылау жүргізу, ұжымның қоғамдық, еңбек және спорттық өміріне қатысу мәселелерінде кәсіпорын басшысы – «Қамқор Локомотив» ЖШС Қарағанды локомотив жөндеу депосы филиалының директоры Асхат Адайбаевпен бірлесіп үйлесімді жұмыс жүргізілуде. Оның өзі басқаратын кәсіпорын қызметінің негізгі түрі жылжымалы құрамды – тепловоздарды, электровоздарды және электр пойыздарын жөндеу болып табылады. Кәсіпорын басшылығы мен кәсіподақ тығыз әлеуметтік әріптестікте туындаған мәселелерді жедел шешуге тырысады.

Кәсіподақ комитетінің құрамында 6 адам жұмыс істейді, оның ішінде 4 қызметкер оқудан өтіп, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында сертификатталды. Кәсіподақ көшбасшысы жұмысшылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға көп көңіл бөледі. Кәсіпорынның Медициналық орталығы заманауи тиімділігі жоғары медициналық жабдықтармен жабдықталған.

Мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндерге орай кәсіподақ комитеті мен кәсіпорын әкімшілігі депо қызметкерлерінің отбасыларына үнемі материалдық қолдау көрсетеді. Ұжымда көркемөнерпаздар үйірмесі бар, жыл сайын Қарттар күнінде еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіледі.

Қызметкерлердің салауатты өмір салтын дамыту мақсатында кәсіпорында тренажер залы, ауыр атлетика залы, теннис үстелі орнатылған. Теміржолшылар шағын футбол, волейбол, жеңіл атлетика, дартс, шаңғы жарыстарына, ал Қарағанды жол бөлімшесі теміржолшылары арасындағы жазғы спартакиадаға белсене қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Елена Андреевская өзі спортпен шұғылданады және әріптестеріне үлгі болып Қарағанды жол бөлімшесі қызметкерлерінің спартакиадаларына белсене қатысады.

Көп жылғы жұмысы және кәсіподақ қозғалысына қосқан жеке үлесі үшін Елена Владимировна «Еңбек ардагері» медалімен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақ Ардагері» белгісімен марапатталды.

2021 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын және Қазақстан Кәсіподақтары күнін мерекелеуге арналған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының Республикалық форумында «ҚАМҚОР МАГИСТРАЛЬ» көлік жөндеу кәсіпорындары салалық кәсіптік одағының «Қамқор Локомотив» ЖШС «Қарағанды локомотив жөндеу депосы» филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымы өз саласындағы Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы болып танылды.