Кәсіподақ қызметкерлері марапатталды

«10 қазан – Қазақстан Кәсіподақтары күні» мерекесіне орай Темір ауданының әкімі С.Аманбаев кәсіподақ ұйымдарының белсенді мүшелерін марапаттады.

Шара барысында аудан әкімі кәсіподақ ұйымдарының қоғамда алатын ерекше орнын атап өтіп, олардың тынымсыз еңбектеріне өз ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, қызмет барысында кәсіби шеберлік танытып, қарымды еңбек еткені үшін аудан әкімінің орынбасары Н.Көшекбаева мен ұйымдастыру-талдау бөлімінің басшысы А.Сабырбаевқа Республикалық «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы М.Жақыповтың «Құрмет грамотасын» және «Кеңестуы ауылдық округі әкімі аппараты» ММ бас маманы Н.Ибраймовке «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы М.Сағындықованың «Құрмет грамотасын» табыстады.

Жиын соңында аудан басшысы аталған мерекенің 2019 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен еліміздегі кәсіби мерекелердің тізіміне енгізілгендігін айтып, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.