Еңбек дауларына қатысты дөңгелек үстел өтті

Бүгінгі таңда еңбек дауларын қарауда ортақ тәжірибе қалыптасып, оның жасалуын реттейтін нормаларды іске асырудағы тиімді жақтары мен проблемалары да анықталды. Осыған орай, көрсетілген санаттағы істерді қарауда туындап отырған бірқатар мәселелерді талқылау мақсатында Орал қалалық №2 сотының төрағасы А.Бурамбаевтың бастамасымен 14 қазан күні онлайн түрде дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Орал қаласының соттары, БҚО бойынша еңбек инспекциясы өкілдері, «Татуласу орталығы» КММ өкілдері, Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы төрағасы А.Есекенова, «Пруденцано» Татуласу орталығы өкілдері қатысты.

Кездесу барысында еңбек қатынастарымен байланысты азаматтық істерді қараудағы мәселелер қарастырылды.