Кәсіпорында 30 жыл медициналық көмек көрсетіп келеді

Светлана Михайловна Ханды “Екібастұз МАЭС-2 станциясы” АҚ станциясында кәсіпорын ардагерлерінен бастап жас кадрларға дейін бәрін біледі. Ол станцияда 1990 жылдан бері жұмыс істейді. 1993 жылдан бастап емдеу-алдын алу қызметінің фельдшері болып қызмет атқарады.

“Жақсы дәрігер денені де, жанды да емдейді” деген пікір бар. Сондықтан Светлана Михайловна әрқашан бірінші қоңырау бойынша көмекке келуге дайын. МАЭС-2-де жұмыс істеген жылдары ол көптеген оң пікірлерге ие болды. “Мұқият, сезімтал, мейірімді” – деп шексіз жалғастыра аламыз.

– Светлана – өз ісінің нағыз маманы, – дейді әріптестері. – Кәсіпорынның жедел жәрдемінде фельдшер болып жұмыс істеу оңай емес сияқты. Егер жұмысшылардың бірі медициналық көмекке мұқтаж болса, ол бірінші болып көмекке келеді.