Қазақстандық жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау – кәсіподақтардың бірінші кезектегі міндеті

2021 жылғы 14 қазанда Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілі И.Испулова 2022 жылға арналған шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру жөніндегі облыстық комиссияның отырысына қатысты.

“Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы” ММ басшысы А.Дисюпованың төрағалығымен комиссияның отырысы шетелдік жұмыс күшін тартатын түрлі экономикалық қызмет түрлері бойынша кәсіпорындар басшыларын zoom платформасында бейнеконференцбайланыс режимінде қосу арқылы өтті.

Комиссия ішкі еңбек нарығын талдау нәтижелерін ескере отырып, жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға 2022 жылға арналған өтінімдерін қарады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №802 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларына сәйкес комиссия жұмыс берушілердің қажеттілігін қарау нәтижелері бойынша үш жұмыс күні ішінде алдағы жылға сұратылып отырған шетелдік жұмыс күшіне жұмыс берушілердің қажеттілігін қанағаттандыру туралы не бас тарту туралы ұсынымдар шығарады.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны азайтуды әрдайым қолдады. Заңнамалық деңгейде қазірдің өзінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота мөлшерін азайта отырып, құқықтық актілер қабылданды. Мәселен, егер 2019 жылы жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша қызметкерлер санына пайыздық қатынаста 0,54 пайыз рұқсат етілсе, 2020 жылға тек 0,32 пайыз ғана белгіленіп, 2021 жылға 0,31 пайызға дейін азайтылды; егер еңбек иммигранттарын тарту бойынша 2019 жылы 4,2 пайыз белгіленсе, 2020 жылы 3,9 пайыз белгіленіп, 2021 жылы 2,7 пайызға дейін азайтылды. Кәсіподақтардың ұстанымы өзгермейді: бірінші кезекте қазақстандық жұмысшылардың құқықтарын қорғау, оларды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту, жалақы алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету, қазақстандық жұмысшыларды қайта оқыту және біліктілігін арттыру мүмкіндігін айқындау қажет, эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын ескеру қажет, өйткені әрбір шетелдік жұмысшының келуі коронавирустық инфекцияның таралу мүмкіндігіне әкелуі мүмкін.

Комиссия мүшелері жұмыс берушінің әрбір өтінімін мұқият қарап, шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің себептерін анықтады, өйткені шетелдік жұмыс күшінің еңбек көші-қоны осы жұмыс орындарына қазақстандық жұмысшыларды тарту мүмкін болмаған жағдайда ғана жұмыс берушілердің өзекті қажеттіліктеріне жауап беруге тиіс.