Өз ісінің нағыз кәсіби маманы

“Екібастұз МАЭС-2 станциясы” АҚ станциясында жөндеу-құрылыс цехының 5 санаттағы сырлаушы Айман Сейсембекқызы Әбілғазинова кәсіпорында жиырма жыл еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде Айман Сейсембекқызы өз ісінің нағыз кәсіби маманы атанғаны сөзсіз және бүгінгі тәжірибені жастарға беруде.

– Біздің цехта аға жолдастар-әріптестер бар, – дейді цехтың жас қызметкерлері. – Бұл дегеніміз, біз әрқашан кеңес алу үшін оларға жүгіне аламыз, ал олар, өз кезегінде, бізді әрдайым қолдап, өздері білетін барлық нәрсені үйретеді. Айман Сейсембекқызы дәл осындай адам.